Жас не кәрі болсын болашақ туыстардың көндіру, қорқыту, қарғыс айтуына берілмеңіз. Өз дегеніңізде тұрыңыз: сізді ұрлап әкеткенін естігеннен кейін жақындарыңыз бірден полицияға арызданады. Қолайлы жағдай туса өзіңіз де 102 телефон нөмірі бойынша полицияға хабарласыңыз.
Сіз адам ұрлаудың куәгері болсаңыз
Егер сіз адам ұрлаудың куәгері болсаңыз, 102 нөмірі бойынша қоңырау шалып немесе Успен ауданының Полиция департаментінің кез келген тірек пунктіне, сондай-ақ Успен ауданының ПД жол-патрульдік полиция жасағына жүгінуіңізге болады. Мүмкіндігінше полицияға алып қашқандардың белгілерін және олар мінген автокөліктің тану белгілерін хабарлауыңыз қажет (көліктің маркасы, нөмірі, түсі). Адамды ұрлау және заңсыз күштеп ұстау жағдайында қылмыстық іс жәбірленуші тараптың арызынсыз қозғалады.
*Адам ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке 14 жасқа толған тұлғалар тартылады. Жәбірленушіні алып қашқан сәттен бастап қылмыс жасалған болып есептеледі.
Бұл ретте, ҚР ҚК 125-бабына сәйкес «үйлену үшін ұрланған адамды (кәмелеттік жасқа толған) өз еркiмен босатқан адам, егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады». . Кінәлі тұлға адамды одан ары заңсыз ұстай алып, бірақ оған еркіндік берген жағдайлар ерікті түрде босату деп танылады. ҚР ҚК 126-бабы «Бас бостандығынан заңсыз айыру» бойынша қылмыстық жауапкершілікке ұрланған адамды ұстап отырған адамдар (күйеу жігіттің туыстары немесе достары) тартылуы мүмкін. Аталған қылмыс ауырлығы орташа санатқа жатады және оны жасағаны үшін жауапкершілік 16 жастан басталады, ал ең қатал жаза мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Полиция көмек беруге асықпайды?
Егер сіздің адам ұрлау туралы хабарламаңызды полиция қызметкерлері елемеген жағдайда ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефонына 1402, прокуратураның байланыс орталығына 115 хабарласыңыз.
Сондай-ақ анықтау және тергеу органдарының заңсыз әрекетсіздігі жағдайында Успен ауданының ПД басшысы, Успен ауданының прокурорының атына немесе Успен ауданының сотына жазбаша шағыммен жүгінуге болады.