Успен ауданының әкімдігі
Успен ауылы, Қазыбек би көшесі, 75

«Қолжетімді әкімдік»

Әлеуметтік желілерде және БАҚ беттерінде оқушылардың ата-аналарының қосымша сабақтарға, сыныптан тыс жұмыстарға, ақша жинауға және мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінің басқа да талаптарына қатысты шағымдарын жиі естуге болады. Егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз, не істеу керектігін біздің мақалада оқыңыз.

Білуіңіз тиіс!

Біріншіден, мектеп басшылығы болсын, сынып жетекшісі болсын баланы сыныптан тыс шараларға қатысуға, әсіресе төлем жасауды қажет ететіндерге қатысуға мәжбүрлеуге құқығы жоқ.

Екіншіден, осы іспеттес оқиға орын алған жағдайда cіз оқу орнының орналасқан орны бойынша Успен ауданы Білім басқармасының аудандық бөліміне шағымдана аласыз.

Жоғарыда аталғандардың қоғамдық-пайдалы еңбек болып табылатын сенбіліктерге де қатысы бар. Оған балалардың қатысуы өз еркімен және ата-аналардың келісімімен болуы тиіс.

Қолдану
Бас тарту