Егер сіз сырқаттанып мектептегі сабақтан қалуға мәжбүр болсаңыз, онда сауыққан кезіңізде медициналық анықтама ұсынуға міндетті боласыз.
Анықтаманы қалай алуға болады?
Медициналық анықтаманы алу үшін сізге келесілер қажет:
- тіркелу орны немесе тұрғылықты жері бойынша Успен ауданында емханада тіркеуде болу;
- учаскелік терапевт-дәрігердің қабылдауына жазылу немесе учаскелік дәрігерді үйге шақырту.
Қызмет көрсету мерзімі: дәрігердің қабылдауына жүгінген кезде 30 (отыз) минуттан көп емес, үйге шақырған кезде – жұмыс күні ішінде.
Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымның, мемлекеттік қызметтер стандартының қосымшасына және №035-2/у және № 079/у нысандарына сәйкес нысан бойынша берген анықтамасы.