Жолдаманы қалай алуға болады?
Аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылардың ата-аналары немесе қамқоршылары жалпы білім беретін оқу орнының директорына балалар демалысын ұйымдастыру мәселесі бойынша өтініш жазуы қажет.
Өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеледі:
- ата-ананың жеке басын куәландыратын құжат;
- 2007 жылғы 13 тамызға дейін немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- өтініш берушінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;
- түскен табыстар туралы құжаттар (жалақы туралы анықтама, кәсіпкерлік және басқа да қызметтен түскен табыстар, балаларға және басқа асыраудағыларға алимент түріндегі табыстар және басқалары);
- уәкілетті органның жетім балаларға және отбасыларда тәрбиеленіп жатқан ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқорлықты, патронаждық тәрбиелеуді бекіту туралы шешімі;
- Успен ауданы Білім басқармасының ұжымдық органының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге демалуға тегін жолдамалар беру туралы шешімінің көшірмесі;
- психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның медициналық қорытындысының көшірмесі – даму мүмкіндігі шектеулі балалар үшін;
- денсаулық жағдайы туралы анықтама (медициналық төлқұжат) қызмет алушының флюоросуретімен бірге (бар болса).
Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жіберу (жолдама).