Медициналық қызмет – бұл дәрігерге дейінгі, амбулаториялық-емханалық, стационарлық, жоғары технологиялық, жедел және шипажайлық-курорттық медициналық көмек көрсету жұмыстары немесе қызметтері.
Сіз тиісті лицензиясыз кез-келген медициналық қызметті жүзеге асыра алмайтыныңызды білуге тиіссіз.
- Успен ауданының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы;
- тіркелген жеріңіз бойынша Успен ауданы «Азаматтарға арналған үкімет» МК-на.
Ол үшін төмендегі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- жеке тұлға немесе заңды тұлға ретіндегі өтініш;
- жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;
- 10 АЕК (2017 жылы - 22 690 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек (банктің немесе «Қазпошта» АҚ есеп айырысу-кассалық бөлімшесінде төлеуге болады);
- біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер нысаны;
- үй-жайға немесе ғимаратқа меншік құқығын (құқық белгілейтін құжат), мемлекеттік мүлікті жалдау (жалгерлік шарты) немесе сенімгерлік басқару құқығын куәландыратын құжат (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
- жоғары немесе орта медициналық білім туралы диплом (түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
- қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар немесе біліктілікті арттыру туралы куәліктер (түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
- мәлімделетін қызмет түршелеріне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат (түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасы).
Қызметті көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні.
Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: лицензия немесе қызмет көрсетуден бас тартқаны туралы негізделген жауап.
Ол үшін сізге қажет:
- ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) алу;
- порталда тіркелу және авторизациядан өту;
- жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның өтінімін төмендегі құжаттардың электрондық көшірмелерімен бірге ұсыну:
- 10 АЕК (2017 жылы - 22 690 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртектің электрондық көшірмесі (банктің немесе «Қазпошта» АҚ есеп айырысу-кассалық бөлімшесінде немесе өтініш www.elicense.kz порталы бойынша берілген жағдайда «электрондық шлюз» арқылы төлеуге болады);
- біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер нысаны;
- үй-жайға немесе ғимаратқа меншік құқығын (құқық белгілейтін құжат), мемлекеттік мүлікті жалдау (жалгерлік шарты) немесе сенімгерлік басқару құқығын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
- жоғары немесе орта медициналық білім туралы дипломның электрондық көшірмесі;
- қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар немесе біліктілікті арттыру туралы куәліктердің электрондық көшірмелері;
- мәлімделетін қызмет түршелеріне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат.
Қызметті көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні.
Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: лицензия немесе қызмет көрсетуден бас тартқаны туралы себептемелі жауап.
- Успен ауданының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына;
- тіркелген жеріңіз бойынша Успен ауданы «Азаматтарға арналған үкімет» МК-на;
- www.elicense.kz порталында.
Ол үшін сіз келесі құжаттарды ұсынуыңыз керек:
- жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның өтініші;
- біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер нысаны;
- үй-жайға немесе ғимаратқа меншік құқығын (құқық белгілейтін құжат), мемлекеттік мүлікті жалдау (жалгерлік шарты) немесе сенімгерлік басқару құқығын куәландыратын құжат (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
- жоғары немесе орта медициналық білім туралы диплом (түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
- қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар немесе біліктілікті арттыру туралы куәліктер (түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
- қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат (түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасы).
Қызметті көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні.
Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: ли